Алматы қаласында жасырын есірткі зертханасы анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полицияның мәліметінше, ұсталғандар Алғабас ықшамауданында жеке үйді жалға алып, оны синтетикалық есірткі өндіретін зертханаға айналдырған.
Тінту барысында аса ірі мөлшердегі 5 келіден астам а-PVP есірткі заты тәркіленді.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жалғастыру барысында қылмыстық схеманың басқа да қатысушылары анықталып, ұсталды. Олар есірткі дайындаушылар, интернет-ресурс курьері және есірткі сатумен айналысатын интернет-дүкеннің иесі, яғни ұйымдастырушы.
"Барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда", – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.