Түркістан облысы Сауран ауданы Қосқорған елді мекеніндегі Исрайловтар отбасында үшем дүниеге келді. Бұл туралы аудандық аурухананың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ведомствоның мәліметінше, 38 жастағы Махру Каримова 20 кыркүйекте бес ұлынан кейін үшемді (2 қыз, 1 ұл) дүниеге әкелген.
Біраз уақыт дәрігердің бақылауында болған сәбилер мен анасы 11 қазанда үйіне шығарылған.
Үшемдер мерзімінен бұрын, яғни жүктіліктің 35 аптасында жоспарлы кесір тілігі арқылы дүниеге келген. Олардың бірінің салмағы 1940 грамм болса, екіншісі – 2100 гр, үшіншісі 2000 гр салмаққа жеткен.
Көпбалалы отбасы үшемдерді Сафия, Амир және Хадия деп атаған.
Қазіргі уақытта ана мен нәрестелердің денсаулығы жақсы, емхананың медициналық қызметкерлерінің тұрақты бақылауында.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз