Мемлекет басшысының өкімімен Ақан Ақасұлы Рахметуллин Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл лауазымға осы жылдың 26 қыркүйегінде Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі қызметінен босатылған Ержан Ашықбаев тағайындалды.

«Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Нигматоллаұлы Ашықбаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды», делінген Ақорда хабарламасында.