Еуропалық Кеңес президенті А.Кошта Мысыр президенті Абдель Фаттах ас-Сиси мен АҚШ президенті Дональд Трамптың шақыруымен 13 қазан күні «Шарм-эш-Шейхте өтетін бейбітшілік саммитіне» Еуропа одағының атынан қатысады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ, Мысыр, Қатар мен Түркияның арағайындығының арқасында қол жеткізілген Таяу Шығыстағы бейбіт жоспардың бірінші кезеңі бойынша келісім Газада атысты тұрақты тоқтатып, кепілдегі адамдарды босатып, Газаға гуманитарлық көмекке толыққанды қол жеткізу бағытындағы мағызды қадам саналады.

Еуропалық Кеңес Палестина әкімшілігіне қолдау көрсете отырып, ертеңгі күннің сәтті болуы үшін өтпелі басқаруға, қалпына келтіру жұмыстарына үлес қосқысы келеді.

Бұл қадам Израиль мен Палестина көршілес ел ретінде бірлесіп, қауіпсіз әрі бейбіт өмір сүретін кезде тату көрші ұстанымы негізінде ұзақмерзімді тұрақтылыққа жол салуы қажет.

Президент А.Коштаның Дублинге алғашқы сапары мен дүйсенбі, 13 қазанға жоспарланған премьер-министр Майкл Мартинмен кездесуі кешірек өтетін болды.

Еуропалық одақ пен оған мүше мемлекеттер — әлемдегі жетекші гуманитарлық донорлардың қатарында. Олар соның ішінде Палестина халқына көмек көрсетіп, адам өмірін сақтауға, азапты жеңілдетуге және адами қадір-қасиетті сақтауға бағытталған гуманитарлық бағдарламаларды қаржыландырып келеді.

Өткен жылдың қыркүйегінде Еуропалық одақ атынан Президент Антониу Кошта БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында Нью-Йоркте өткен Палестина мәселесін бейбіт жолмен реттеу және «екі мемлекет» қағидатын іске асыру жөніндегі жоғары деңгейдегі халықаралық конференцияға қатысты. Конференцияны Франция мен Сауд Арабиясы бірлесіп ұйымдастырған болатын.