Тыныс — ұлттың үні
Бөлімдер
Хабарламалар

Ақан Рахметуллин Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметінен босатылды

2025 жылғы 13 қазанда Мемлекет басшысы Ақан Рахметуллинді Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметінен босатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорда мәлім етті:

“Мемлекет басшысының өкімімен Рахметуллин Ақан Ақасұлы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылды”, – делінген хабарламада.

Ақан Рахметуллин бұл қызметті 2024 жылдың мамыр айынан бері атқарып келген.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының басқа өкімімен Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болып Ержан Ашықбаев тағайындалды.