Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
15 жастағы футболшы Арон Мұса "Ақтөбе U-16" командасының қорғаушысы болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Кеше, QJ league турнирінде ойнайтын "Ақтөбе U-16" командасының ойыншысы, 15 жастағы футболшы Арон Мұса өмірден озды. Аронның отбасында үлкен қайғы болды. Арон бауырымызбен бірге әжесі және немере ағасы да көз жұмды. Мұса әулетіне, туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз, – деп жазылған клуб хабарламасында.