"Қазгидромет" РМК 12 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер күн райының бұзылуына орай 14 өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Қарағанды қ.: 13 қазанда түнде жолдарда көктайғақ күтіледі.

Түркістан облысының тау асуларында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында, батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 17-22 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Алматы облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік -батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысынның оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жолдарда көктайғақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз