Қазақстан мен Қытай шекарасындағы "Нұр Жолы" өткізу пунктінде ҚХР-ға бағыт алған көліктердің кептеліске түскені байқалған. Көлік министрлігі бұл жағдайға қатысты жаңа мәлімет жариялады , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиғаның мән-жайы
Ведомство мәліметінше, отандық тасымалдаушылардың шекарадан өтуге қажет шетелдік рұқсат бланкілерінің болмауынан пайда болды. Бұл бланкілер екі елдің салалық көлік ведомстволары арасында өзара айырбасталады.
Тасымалдаушылардың қаржы шығынын барынша азайту үшін ҚР ҚМ МКК "CarGoRuqsat" электрон кезек жүйесінің әкімшісі – "АЭО" АҚ-мен бірлесіп, белсенді броньдардың қолданылу мерзімін 72 сағатқа ұзарту туралы шешім қабылдады.
Не өзгерді?
Министрлік мәліметінше, Қытай тарапымен аптасына 6 мың дана шетелдік рұқсат бланкісімен екіжақты алмасу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Кейінгі сегіз апта бойы әр дүйсенбі сайын Қытай тарапы көрсетілген көлемдегі рұқсат бланкілерін беріп келеді.
Шетелдік рұқсат бланкілерінің келесі партиясын алмасу 13 қазанда болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!