Көлік министрлігінің өкілдері Qazaq Air ұшқыштарының компания басшылығына жасаған үндеуіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның хабарлауынша, ұшқыштар әуе компаниясының басшылығына келесідей талаптар қойды:
- түнгі рейстер үшін төлем жүйесін қайта қарау;
- командирлердің жалақысын көтеру;
- екінші пилоттардың жалақысын көтеру;
- барлық пилоттар үшін төлемді арттыру.
"Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі әуе компаниясынан бұл мәлімдемені елдің қолданыстағы заңнамасына сәйкес қарауды талап етеді", — делінген Көлік министрлігінің хабарламсында.
Ведомство өкілдері Qazaq Air әуе компаниясының 49 %- ы Sovico тобына, тағы 49% -ы Самұрық Қазынаға, ал 2%-ы Kazasia Holding Limited компаниясына тиесілі екенін еске салды.
Айта кетейік, 11 қазанда QazaqAir әуе компаниясының Қостанайдан Астанаға бет алған ұшағы шассиден шыққан ақауға байланысты әуеге көтерілмей жатып тоқтауға мәжбүр болған еді. Әуе компаниясы жағдайға қатысты түсінік берді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз