Футболдан Қазақстан құрамасы өз алаңында әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Лихтенштейн командасын ойсырата жеңді. Сенімді жеңіспен аяқталған матчның үздік ойыншысы белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қазақстан мен Лихтенштейн командаларының кездесуінде ең үздік ойыншы болып ұлттық құраманың жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек танылды. Қазақстандық футболшы матчта дубль жасап, бір нәтижелі пас берді. Оның бұл кездесудегі ойыны 10 баллға бағаланды.
Айта кетейік, бүгін, 10 қазанда футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчында Лихтенштейн командасын ірі есеппен жеңді.
Командалар J тобының жетінші туры аясында матч өткізді. Бұл Талғат Байсуфиновтың тағайындалуынан кейін өткен алғашқы ойын болды. Кездесу "Астана Аренада" өтіп, 4:0 есебімен алаң қожайындарының жеңісімен аяқталды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз