Жуырда Майами-Бич қаласында кемпірқосақ түстес жаяу жүргіншілер өткелі алынып тасталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Флорида штатының көлік департаменті қала билігіне бұл өткел мен басқа да көше өнері нысандарын алып тастауды талап етіп, егер бұл орындалмаса, мемлекеттік қаржыландыруды тоқтататынын ескерткен.
ABC News дерегіне сүйенсек, бұл өткел 2018 жылы орнатылған болатын және қаланың ЛГБТ қауымдастығына арналған еді.
LGBTQI+ rainbow crosswalk gets DEMOLISHED in Miami Beach, Florida.
The removal comes following a directive by the states Department of Transportation which prohibits road art with "social, political, or ideological messages."
pic.twitter.com/K6O4QwAxxE
— Oli London (@OliLondonTV) October 6, 2025
Сыншылар бұл шешімді губернатор-республикашыл Рон Десантистің ЛГБТ қауымдастығына қарсы әрекеттерінің бірі деп атады. Қала билігі өткелді алып тастау туралы талапқа шағым түсірген, алайда ұтылып қалды.
Майами-Бич қалалық комиссары Алекс Фернандес қалалық қызметкерлер өткелден алынған брусчатканы толық жинап алғанын, оны болашақта қайта пайдалануға болатынын айтты.
Бұған дейін Америкалық әйел сотта жасанды интеллект көмегімен жеңіп шыққанын жазған болатынбыз.