Қарағанды көшесінен мәйіт табылды. Әйел адамның денесі қаладағы мектептердің бірінің жанында жатқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Almaty TV телеарнасының мәліметіне сүйенсек, қазір аумақ қоршауға алынды. Полиция қызметкерлері жан-жақты тергеу жүргізіп жатыр. Құқық қорғау органдарының дерегінше, марқұм 46 жаста. Қазір өлімнің нақты себебі анықталып жатыр. Ал іске қатысы болуы мүмкін деп танылған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды полиция қызметкерлерімен. 36 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде", – деді Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Бұған дейін Павлодар облысында өрттен алты адам қаза тапқанын жазғанбыз.