Елордалық полиция қызметкерлері қоғамдық мүлікті бүлдірген ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласында қоғамдық тәртіпті бұзу және қала мүлкін бүлдіру фактісі бойынша полиция қызметкерлері жұмыстар жүргізіп жатыр.

Оқиға түнгі сағат 03:00 шамасында болды. Ер адам мас күйінде аялдама павильонының әйнегін сындырып кеткен. Оқиға куәгерлері полицияға хабар бергеннен кейін тәртіп сақшылары күдіктіні көп ұзамай ұстады. Кұқық бұзушы 10 тәулікке қамауға алынды.

Елордада жыл басынан бері бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру бойынша 200-ге жуық құқық бұзушылық тіркелді.