Тректегі велоспорттан әлем чемпионаты Сантьяго (Чили) қаласында өтеді. Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы оған қатысатын ерлер құрамын жариялады , деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан құрамында жеті спортшы бар. Жүлдеге таласатын велошабандоздар:

- Рамис Дінмұхаметов

- Дмитрий Носков

- Әлішер Жұмақан

- Илья Карабутов

- Кирилл Курдиди

- Рамазан Мұхтар

- Данияр Шаяхметов

Әлемдік біріншілік осы айдың 22-26 күндері аралығында өтеді.