Тыныс — ұлттың үні
Бөлімдер
Хабарламалар

Таеквондодан әлем чемпионатына қатысатын қазақстандықтар анықталды

Таэквондодан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Есбол Сұлтанов Қытайдың Уси қаласында өтетін әлем чемпионатына баратын қазақстандық спортшылардың есімін атады. Бұл туралы ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

24-30 қазан аралығында Қытайдың Уси қаласында таеквондодан әлем чемпионаты өтеді.

Оған 179 елден 900-ден астам спортшы қатысады. Ел намысын 16 таеквондошы қорғайды.

Ерлер:

– 54 келі: Бекзод Қадірқұлов

– 58 келі: Тамирлан Тілеулес

– 63 келі: Самирхон Абабакиров

– 68 келі: Дамир Шуленов

– 74 келі: Бекасыл Ергеш

– 80 келі: Батырхан Төлеуғали

– 87 келі: Нұрлан Мырзабаев

+87 келі: Бейбарыс Қаблан

Әйелдер:

– 46 келі: Айдана Құмартаева

– 49 келі: Нодира Ахмедова

– 53 келі: Азиза Қаражанова

– 57 келі: Мария Севостьянова

– 62 келі: Айша Әділбекқызы

– 67 келі: Нұрай Хусайнова

– 73 келі: Назым Махмұтова

+ 73 келі: Евгения Каимова

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз