Астанада "Хан Шатыр" маңындағы жаңа ғимарат өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлеуметтік желілерде өрт болған сәт түсірілген видео тарады. Видео авторының айтуынша, түтін аспанды басып, көптеген жүргізуші "Хан Шатыр" сауда және ойын-сауық орталығы жанып жатыр деп ойлаған.
Zakon.kz редакциясы бұл жағдайға байланысты Астана төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сауал жолдады.
Белгілі болғандай, түтін Нұра ауданындағы Тұран даңғылы бойында салынып жатқан жаңа ғимараттан шыққан.
"Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер анықтағандай, ғимараттың үшінші қабатында құрылыс материалдары 10 шаршы метр аумақта өртенген. Өрт сөндіру бөлімдері келіп жеткенге дейін өрт толық сөндірілген", — деп хабарлады Астана ТЖД баспасөз қызметі.