Су спорты түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионаты аясында әртістік жүзу сайыстары өз мәресіне жетті. Қазақстандық спортшылар 11 медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте көш бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын 11 медальмен аяқтады. Ұлттық құрама қоржынында жеті алтын, екі күміс және екі қола жүлде бар.
Бұл нәтиже отандастарымызға жалпыкомандалық есепте бірінші орын иеленуге мүмкіндік берді. Таиланд командасы екінші орын алды (екі алтын, үш күміс, екі қола). Ал Өзбекстан құрамасы үздік үштікті түйіндеді (екі алтын, бір күміс, бес қола).
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз