Бұған спортшының 2024 жылы 3 рет биологиялық сынама тапсырудан бас тартуы себеп болған.
ММА файтері Конор МакГрегор 2024 жылғы 12 айда биологиялық сынама тапсырудан үш мәрте жалтарғаны үшін 2 жылға жарыстарға қатысудан шеттетілді. Алайда, кейін бұл шектеу жарты жыл мерзімге қысқартылып, 18 айды құрады.
"UFC спортшылары әрқашан өздерінің орналасқан жері туралы нақты ақпарат беруге міндетті, осылайша олар күтпеген уақытта байланысқа шығып, сынама тапсыруы тиіс. МакГрегор сынақтан бас тартқан күндер: 2024 жылдың 13 маусымы, 19 қыркүйегі және 20 қыркүйегі. Бұл күндердің әрқайсысы CSAD тарапынан "орналасқан жерді көрсету міндеттемесін орындамау" деп танылды", – деп жазылған UFC сайтында.
CSAD UFC-дің жыл бойына жүргізілетін допингке қарсы бағдарламасын тәуелсіз түрде қадағалайды. Биологиялық сынамаларды Drug Free Sport International (DFSI) ұйымы жинайды. Барлық сынамалар WADA аккредитациясынан өткен Юта штатындағы SMRTL зертханасында талданады.
Оқи отырыңыз:
UFC экс-чемпионы Конор МакГрегор Ирландия президенті сайлауына қатысады