Астананың бірқатар аудандарында 2025 жылғы 8 қазан күні жарық, су және жылу уақытша өшіріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 7 қазанда қалалық iKomek 109 қызметі ресми түрде мәлімдеді.
Таратылған ақпаратқа сүйенсек, жоспарлы және техникалық жұмыстарға байланысты қаладағы кейбір аудандарда су, электр жарығы, жылу және ыстық су уақытша тоқтатылады.
Мәселен, сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін Сарыарқа, 21 мекенжайындағы тұрғындар сусыз қалады, себебі диаметрі 150 мм су құбырын жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Сонымен қатар, сағат 08:00-ден 16:30-ға дейін жабу арматурасын орнату және гидравликалық сынақтар өткізіледі. Осыған байланысты Потанин, Молдағұлова, Затаевич, Қарауыл, Кеңсаз, Бүйрат, Қарашығанақ, Абай, Жеңіс және Таскескен көшелерінде уақытша жылу мен ыстық су өшіріледі.
Бұдан бөлек, электр энергиясы да бірқатар тұрғын алаптарында уақытша тоқтатылады. Олардың қатарында: Балқаш, Таха Хусейн, Карбышев, Медеу, Сарыарқа, Ақкент, Майковский, Терекқұлы және тағы басқа аудандар бар. Себептері – ағаштарды кесу, жабдықтарды ауыстыру және электр желілеріне қызмет көрсету.
iKomek 109 тұрғындарды уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға және күнделікті жоспарын өшіру кестесіне сай алдын ала құруға шақырды.
Бұған дейін Ақмола облысында тәртіп сақшылары бұрын жасалған 5 ұрлықтың бетін ашқанын жазғанбыз.