2025 жылғы 7 қазанда Астана тұрғындары ай толуын тамашалап, сирек кездесетін астрономиялық құбылыстың суреттерін желіде жарыса бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Желі қолданушылары 7 қазандағы Айды ертегідей деп суреттеді.

Белгілі болғандай Ай Жерге 360 мың километрге дейінгі қашықтыққа жақындаған. Сондықтан Ай әдеттегіден шамамен 30% жарық көрініп, 14% үлкенірек кейіпте болды.

Бұған дейін ғалымдардың орбитада ұшып жүрген қоқыстардың көптігіне алаңдаулы екенін жазғанбыз.