Жұлдыз Сүлейменованың мәжілістегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Мәжіліс депутаттары АМАNАТ партиясы фракциясының мүшесі Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрі болып тағайындалуына байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдаған.
"Парламенттің жетінші және сегізінші шақырылымдарында Жұлдыз Сүлейменова мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде белсенді қызмет атқарды.
Оның жетекшілігімен әйелдердің құқықтарын қорғауға және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, соның ішінде тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл шараларына бағытталған елеулі заңнамалық түзетулер әзірленіп, енгізілді", — делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 29 қыркүйекте мемлекет басшысының жарлығымен Жұлдыз Сүлейменова еліміздің Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды.
Ол бұл қызметте Ғани Бейсембавты алмастырды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз