Кеше, 7 қазанда Үндістанда су спорты түрлерінен Азия чемпионатында көркем жүзуден соңғы жүлде жиынтығы сарапқа салынды. Сондай-ақ командалық акробатика бәсекесінде Қазақстан құрамасы қарсылас шақ келтірмей, үздік атанды, деп хабарлайды Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жалпы нәтиже бойынша Қазақстан алтын еншіледі:

  • Қазақстан — 190.1663
  • Таиланд — 154.5151
  • Өзбекстан — 141.1051

Бұл сында ел намысын Карина Магрупова, Наргиза Болатова, Ксения Макарова, Әйгерім Құрманғалиева, Анна Павлецова, Валерия Столбунова, Жаклин Якимова және Виктор Друзин қорғады.

Барлық жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан көркем жүзуден жалпы 11 медаль жеңіп алды. Атап айтсақ, жеті алтын, екі күміс және екі қола. Осылайша, біздің спортшылар Азия чемпионатының жалпыкомандалық есебінде бірінші орынды иеленді:

  • Қазақстан — 7 алтын, 2 күміс, 3 қола
  • Таиланд — 2 алтын, 3 күміс, 2 қола
  • Өзбекстан — 2 алтын, 1 күміс, 5 қола

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз