Өскеменде 50-ден астам ерікті қаланың шетінде орналасқан тауларды вандалдар жазып кеткен жазудан тазартты, деп хабарлайды Астана телеарнасы.
Іс-шараны Amanat партиясы жанындағы "Жастар рухы" жастар қанатының мүшелері ұйымдастырған. Белсенділердің айтуынша, мұндай бастама тек қоршаған ортаны қорғап қана қоймай, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастырып, табиғи әрі тарихи мұраларымызды бағалауға үндейді.
"Бүгін бізбен бірге шыққан жастар бұл іс-әрекеттен көп нәрсе түйді деп ойлаймын. Олар енді таулар мен жартастарды сызуға, бояуға болмайтынын, табиғатқа ұқыпты қарау керектігін жақсы түсінеді. Бұл акция тек Өскемен қаласымен шектелмейді. Біз облыстың әрбір ауданы мен ауылында осындай тазалық шараларын жалғастырамыз", — дейді Amanat партиясы жанындағы "Жастар рухы" жастар қанатының ШҚО филиалының төрағасы Қорлан Тұғамбаева.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз