Әлемдік поп-музыка жұлдызы, әнші Рианна мен рэпер A$AP Rocky-дің үшінші сәбиі дүниеге келді. Әнші жеке өміріндегі жаңалығын желіде мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Рианна Instagram желісіндегі парақшасында бірнеше сурет жариялады. Бір кадрда – жаңа туған қызы, екіншісінде – сәбиге арналған бокс қолғабы.
Ол жазбасында қызының есімін Роки Айриш Мейерс деп қойғанын хабарлады. Жазбаға сәйкес, Роки Айриш 13 қыркүйекте дүниеге келген.
Айта кетейік, Рианна мен A$AP Rocky-дің екі ұлы бар: үш жасар RZA және екі жасар Райот.
IMDb мәліметі бойынша, Рианна 1988 жылы 20 ақпанда Бриджтаун қаласында дүниеге келген. Оның анасы афро-гайандық, ал әкесі Британ аралдарынан шыққан афро-барбадостық.
Болашақ жұлдыз бірнеше сұлулық байқауында жеңіске жетіп, мектептегі таланттар шоуында Мэрайя Кэридің Hero әнін орындаған.
Рианнаның өмірі құрбысы оны Барбадосқа Нью-йорктен демалуға келген продюсер Эван Роджерспен таныстырған кезде түбегейлі өзгерді. Ол Рианнаны сол кезде Def Jam Records бас директоры болған рэпер Jay-Z-мен таныстырды. Ол жас әртісті тыңдай келе оның әлемдік жұлдыз болуға мүмкіндігі бар екенін түсінді.
Рианна Def Jam компаниясымен келісімшартқа қол қойған кезде 16 жаста еді. Содан бері ол айтарлықтай табысқа жетті.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз