Белгілі қазақстандық тележүргізуші және дизайнер Динара Сәтжан 21 қыркүйекте өзінің 43-ші туған күнін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осыған байланысты, ол Instagram-дағы оқырмандарына әсерлі алғыс хатпен жүгінді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Динара Сатжан (@dinarasatzhan)
"Өмірім үшін Алла Тағалаға алғыс айтамын! Ата-анама алғыс айтамын – маған деген сенімі үшін. Күйеуіме алғыс айтамын – махаббаты мен қасымда болғаны шін. Балаларыма рахмет – мені шынайы еткені үшін. Достарыма алғыс айтамын – әрқашан мені қолдағандары үшін. Менің командама және пікірлес адамдарға алғыс айтамын – бірге жасаған жұмыстарымыз үшін! Оқырмандарыма да сүйіспеншілік пен жылулық үшін алғыс айтамын", – деп жазды Сәтжан.
Бұған дейін Imanbek-тің тағы да "Грэмми" сыйлығына ұсынылғанын жазғанбыз.