Бүгін, 21 қыркүйекте 16:25 шамасында алматылықтарға жер сілкінісі туралы хабарлама келді. Алайда тұрғындар жер сілкінісін мүлдем сезбегендерін айтып жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Назар аударыңыз! Жер сілкінісі! Қауіпсіз жерлерді паналаңыз. Дүмпулер аяқталғаннан кейін ғимараттардан қауіпсіз қашықтыққа эвакуацияланыңыз! Уәкілетті органдардың нұсқауларын мұқият қадағалаңыз. Қосымша ақпарат Төтенше жағдайлар департаменті мен Алматы қаласы әкімдігінің сайттары мен әлеуметтік желілерінде", — делінген хабарламада.
Telegram-каналдардың хабарлауынша, бұл жағдай жергілікті халықтың үрейін тудырып, сауда орталықтарындағы тұрғындарды эвакуациялап бастады.
ТЖМ көп күттірмей пікір білдіріп, жер сілкінісі болғанын растады.
Ведомствоның хабарлауынша, 21 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 16:25-те жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 9 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.
"Жер сілкінісі сезілмеді. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ", — делінген министрлік хабарламасында.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз