Астанада қоғамдық көлік қызметін ұсынатын жеті автобустың жүріс кестесіне уақытша өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қала жолдарында жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
"5, 5А, 6, 16, 39, 42, 72 бағдарлардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілді", делінген CTS хабарламасында.
Автобустар кестесіндегі өзгерістер сызбасымен мына арадан таныса аласыздар.
Автобус жолаушыларына жүріс бағыт-бағдарын үйден шықпай жатып, алдын ала жоспарлап алу ескертіледі.
Бұған дейін Алматыда 17 қыркүйектен бастап екі автобус бағыты біріктірілетіні ескертілген.