Синоптиктер 21 қыркүйекте Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райы нашарлап, дауыл тұратынын ескертті, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Астана қаласында 21 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түседі.

21 қырқүйекте Ақтөбе облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

21 қыркүйекте түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Орал қаласында 21 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түседі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

21 қыркүйекте Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай жарқылдайды. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында 21 қыркүйекте түнде найзағай жарқылдайды. Төтенше өрт қаупі сақталады.

21 қыркүйекте күндіз Қостанай облысының оңтүстігінде найзағай жарқылдайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

21 қыркүйекте түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 1 градус үсік жүреді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында 21 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түседі.

21 қыркүйекте Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

21 қыркүйекте күндіз Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай жарқылдайды. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде жел екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

21 қыркүйекте түнде Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, дауыл тұрады. Облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.

21 қыркүйекте түнде және таңертең Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

21 қыркүйекте түнде және таңертең Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында тұман түседі. Павлодар қаласында 21 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түседі.

21 қыркүйекте түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

21 қыркүйекте күндіз Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай жарқылдайды. Түнде және таңертең облыстың орталығында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында 21 қыркүйекте солтүстік-батыстан жел соғады, түнде жел екпіні 15 м/с-қа жетеді.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз