Мәжіліс Қазақстандағы Халықаралық көші-қон ұйымымен бірлесіп, "Құқықтық тәртіп: адам саудасына қарсы күрес туралы" диалог ұйымдастырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәжіліс депутаты Марат Башимовтің төрағалығымен өткен талқылауға Парламент депутаттары, жауапты мемлекеттік органдардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың, дипломатиялық корпустың, сарапшылар қауымының өкілдері қатысты.

"Диалогтың мақсаты өткен жылы қабылданған "Адам саудасына қарсы күрес туралы" жаңа заңды іске асырудың алғашқы нәтижелерін талқылау. Осы құжаттың арқасында біз бұл мәселені ашық айта бастадық. Бұған дейін адам саудасы, еңбекті қанау, адам ағзасын саудалау және басқа да қылмыстарға қатысты істер жабық түрде жүргізіліп келген. Жаңа заң құқықтық базаны айтарлықтай нығайтты, құрбандарды қосымша қорғауды қамтамасыз етіп, профилактикалық шараларды кеңейтті әрі қылмыскерлерге жазаны күшейтті", – деді депутат.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев қазіргі уақытта барлық негізгі ереже біртұтас құқықтық актіде жүйеленіп, біртұтас көзқарас пен уәкілетті органдардың өзара іс-қимылының тиімді жүйесін қамтамасыз ететінін атап өтті.

INL елдегі директоры Юлиана Садовский мен Халықаралық көші-қон ұйымының Қазақстандағы көші-қон жөніндегі өкілі Серхан Актопрак диалог барысында Қазақстандағы және жаһандық деңгейдегі адам құқықтарының қазіргі жағдайына баға берді.

"Жиында "Адам саудасына қарсы күрес туралы" заңды жүзеге асырудың алғашқы нәтижелері таныстырылды. Ішкі істер министрлігі Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары Руслан Садиров жыл басынан бері 141 қылмыстық іс тіркеліп, 101 адам сотталғанын хабарлады. Бас прокуратураның Қоғамдық мүддені қорғау қызметінің басшысы Әділет Тоқтамысовтың айтуынша, енгізілген түзетулер бұл қылмыстарға қатысты істерді жәбірленуші кінәліні кешіргісі келсе де іс қысқартылмайды. Жаңа заң тараптардың татуласуына жол бермейді",- деп жазды мәжілістің баспасөз қызметі.

Мәжіліс депутаттары Павел Казанцев пен Николай Арсютин, мүдделі мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері адам саудасына қарсы күрестің тиімділігін арттыруға бағытталған талдауларымен, тәжірибелерімен, ұсыныстарымен бөлісті.

Бұған дейін Тоқаев кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түзетулерге қол қойғанын жазғанбыз.