20-21 қыркүйек күндері сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін Арбат үлкен кітап мерекесіне айналады. Мұнда жыл сайынғы KitapFest фестивалі өтіп, қаладағы басты әдеби іс-шара, онда ондаған баспа, танымал авторлар және мыңдаған оқырман бас қосады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әкімдік ақпарына сүйенсек, жәрмеңкеде алпысқа жуық баспа мен кітап дүкендері жаңа кітаптар ұсынады. Арнайы жеңілдіктер де қарастырылған. Қонақтар өзіне қажетті кітап алып қана қоймай, сүйікті жазушыларымен тілдесе алады.
"Фестиваль қонақтары үшін арнайы заманауи аймақтар дайындалады. TrendZone алаңында TikTok, Instagram және YouTube стиліндегі трендтік ойын-сауықтар өтсе, Estelik Zone аймағында "Ертөстік", "Ғажайыптар еліндегі Алиса", "Дюна", "Кариб теңізінің қарақшылары" және басқа да атақты шығарманың желісінде жасалған декорация арасында суретке түсуге болады",- делінген ақпаратта.
Балалар үшін "Мұзды өлке", "Қызыл телпек", қазақ ертегісі "Қошқар мен Теке: Жоғалған Қазына" және "Шоколад фабрикасының құпиялары" желісі бойынша қызықты квесттер дайындалған.
Фестиваль емін-еркін әңгіме, отбасылық шығармашылық пен жаңа таныстық алаңына айналады. Барлық іс-шараға кіру тегін.
Бұған дейін қала күні қарсаңында Алматыда алғашқы инклюзивті балалар алаңы ашылатындығын жазғанбыз.