Дүкен басшылығы мұны заңнамадан хабарсыздықпен және қызметкерлер тапшылығымен түсіндірді.
Шығыс Қазақстан облысында балаларға арналған дүкен тауардың бағасын рубльмен белгілегені үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті.
Ведомствоға азаматтардан дүкендегі тауарлардың шетел валютасымен сатылып жатқаны туралы шағым түскен. Жүргізілген жоспардан тыс тексеру барысында бұл дерек расталды: кейбір тауарларда рубльмен көрсетілген жапсырмалар табылған.
Дүкен басшылығы мұны заңнамадан хабарсыздықпен және қызметкерлер тапшылығымен түсіндірді.
Оқи отырыңыз: Ерболат Досаев жаңа лауазымға тағайындалды
Әкімшілік кодекстің 193-бабына сәйкес, бағаларды ұлттық валютамен көрсетпеу бизнес субъектілеріне түрлі көлемде айыппұл салуға әкеп соғады. Егер құқық бұзушылық қайталанса, айыппұл мөлшері бірнеше есе өседі.
"Тексеру нәтижесінде аталған дүкеннің бұған дейін де осындай заңбұзушылыққа жол бергені анықталды. Сондықтан оған 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды және заңбұзушылықты жою туралы нұсқама берілді", – делінген департамент хабарламасында.