Алматы тауларында шетелдік азамат ауыр жарақат алды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы тауларындағы Ай алаңы маңында шетелдік туриске көмек қажет болған. 49 жастағы Словакия азаматы серуендеу кезінде санын сындырып алған.

"Оқиға орнында зардап шеккен азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, "Альпийская Роза" туристік кешеніне жеткізілді. Ол жерде ТЖМ апаттар медицинасы орталығының бригадасы күтіп тұрды. Турист медицина қызметкерлеріне табысталып, қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды", — деп жазылған хабарламада.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget