20 қыркүйекке қараған түні таулы аймақтарда қар жаууы мүмкін

"Қазгидромет" РМК синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, алдағы үш тәулікте елдің басым бөлігінде ауа райын атмосфералық фронттар айқындайды. Оларға байланысты жекелеген өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, бұршақ пен дауыл соғуы ықтимал.

20 қыркүйекке қараған түні Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі.


Оқи отырыңыз: Қазақстандықтарға қосымша жұмыс істеуге рұқсат берілді. Негізгі жұмыс 8 сағаттан аспауға тиіс


"Республиканың көптеген өңірінде түнгі және таңғы сағаттарда тұман болжанады. Ауа температурасының айтарлықтай өзгерістері мен ауытқулары күтілмейді, дегенмен республиканың солтүстік жартысында түнгі уақытта 1-3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін", – делінген хабарламада.