Жыл басынан бері елордада ұлттық және діни араздықты қоздыру фактісі бойынша 11 адам сотталған, деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, мысалы, елорда тұрғыны TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде әдепсіз сөздер қолданып, басқа ұлтқа қатысты бұрыс пікір білдіріп, сол арқылы ұлттық негізде жанжал тудырған.

Құзырлы орган бұл әрекеттер Қазақстан Республикасы қылмыстық заңнамасының талаптарына қарама-қайшы келетінін еске салды.

Бүгінде 11 тұлғаға қатысты сот актілері заңды күшіне енген. Сотталушылардың кінәсі толық дәлелденген, олардың барлығы әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған.

"Қала прокуратурасы арандатушылыққа бой алдырмауға, түрлі ұлт пен дін өкілдерінің арасына араздық тудыратын сөздер мен әрекеттерге жол бермеуге назар аударады, әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздырғаны үшін қылмыстық жауаптылықтың қарастырылғанын, 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде жаза көзделгенін еске салады", — делінген хабарламада.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз