Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлап отыр.

Осылайша, қытайлық ғалымдар тобы құс сияқты өздігінен ұшуға қабілетті роботты ойлап тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"RoboFalcon2.0" деген атқа ие жаңа робот құстар мен жарқанаттардың қанат қимылдарын имитациялайды және басқарылатын ұшуды қайта баптауға болатын жаңа механизмнің көмегімен іске асырады.

Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің мамандары омыртқалылардың баяу ұшу кинематикасын қайталап, бір цикл ішінде "жайылу-қағу-жиылу" қозғалысын біріктіретін коникалық айналмалы механизм жасап шығарған.

Бұл инновациялық жетістік құстарға тән басқару тәсілдеріне негізделген, ұша алатын әрі маневр жасау қабілеті жоғары көлік құралдарын жасауға түрткі болуы мүмкін. Мұндай тәсіл қанатын қағып ұшатын роботтардың табиғатқа ұқсас (биомиметикалық) дизайнын дамытуға жол ашпақ.

Жыл басында Қытай роботтары мың бұрала билеп, сахнаның сәнін келтіргенін жаздық.

Одан кейін көрші елдің өте қабілетті роботты іске қосқанын хабарлаған болатынбыз.