2025 жылғы 18 қыркүйекте Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі қала тұрғындары мен қонақтарына үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құқық қорғаушылардың мәліметінше, Алматыда қала күніне орай бірқатар мәдени-көрсетілімдік және бұқаралық іс-шаралар жоспарланған.
"Осыған байланысты 17-21 қыркүйек аралығында Төле би көшесінде Назарбаев даңғылынан Абылай хан даңғылына дейінгі бөлікте көлік қозғалысы екі бағытта уақытша шектеледі", – делінген Алматы қалалық ПД хабарламасында.
Полиция қала тұрғындары мен қонақтарын:
- қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауға;
- қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған уақытша шараларға түсіністікпен қарауға;
- жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
Айта кетейік, 2025 жылғы 16 қыркүйекте Алматыда Астана алаңының жабылатыны және 10 автобустың қозғалыс сызбасы өзгеретіні хабарланған еді. Сондай-ақ көлік қозғалысы Төле би көшесінің Абылай хан даңғылынан Панфилов көшесіне дейінгі бөлігінде қала күнін мерекелеуге дайындыққа байланысты шектелетіні айтылған болатын.