Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 21-23 қыркүйек күндері Нью-Йорк қаласына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев сапар аясында БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясына қатысып, бірқатар мемлекеттің және халықаралық ұйымдардың басшыларымен келіссөз жүргізеді.
Сондай-ақ АҚШ-тың ірі бизнес өкілдерімен дөңгелек үстел ұйымдастырылады.
Бұдан бөлек, әлемдік жетекші компаниялардың басшыларымен кездесу жоспарланып отыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз