Еліміз қариялардың өмір сапасын жақсарту үшін кешенді жоспар әзірлейді .
Бұл бағдарлама 2029 жылға дейін іске асады, деп хабарлайды inbusinesss.kz сайты 24.KZ телеарнасына сілтеме жасап.
Қазір тиісті стандарттар әзірленіп жатыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қарттардың өмір сапасы білім беру және әлеуметтік белсенділік арқылы арттырылады дейді. Сондай-ақ егде тартқан жандардың мәселелерін қарайтын ведомствоаралық комиссия құрылады.
Қазір елдегі 60 жастан асқан азаматтар саны 3 млн-ға жуықтайды. Бір жылдағы өсім 3,7 пайызға тең.
Мамандар мұны халықтың өмір сүру ұзақтығымен байланыстырады. Ендігі мәселе – елде заманауи және тұрақты зейнетақы жүйесін дамыту.