Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Италиямен 2026 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі плей-офф сатысындағы алғашқы ойынын өткізіп, жеңіліс тапты, деп хабарлайды Kazinform.
Бұл кездесуге Қазақстан құрамасы сапында бірқатар ойыншы шыға алмайтыны анықталды. Сары қағаздың көптігіне салдарынан Біржан Оразов пен Лео, жарақаты салдарынан Жахангир Рашит алдағы ойында құрамаға көмектесе алмайды. Есесіне жарақаты жазылған Альберт Ақбалықов алаңға шығуға мүмкіндік алды. Кездесуді италиялық құрама белсенді бастады. Ойынның 15, 29-минутында олар екі гол соғып үлгерді. Ал кездесудің 32-минутында қазақстандық Шыңғыс Есенаманов қарсыластарына бір голмен жауап қайырды.
Осылайша Қазақстан құрамасы алғашқы ойында 1:2 есебімен жеңіліс тапты. Енді қарымта кездесу 23 қыркүйекте Астанада өтеді.
Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатында өз тобында екінші орынды қанағат етті. Алдымен Албанияны 2:0 есебімен басып озып, одан кейін Армениямен 4:4 есебімен тең ойнады. Үшінші кездесуінде Даниядан 2:3 есебімен жеңіліп, өз алаңында аталған қарсыласын 7:3 есебімен ойсырата жеңген еді. Бесінші ойында Албаниядан 4:2 есебімен басым түссе, дәл сондай есеппен сырт алаңда Арменияға есе жіберді.
Осылайша ел құрамасы құрлықтық додаға тікелей шығу мүмкіндігін жоғалтып алды. Бұл топта 16 ұпаймен бірінші орынға Армения құрамасы жайғасты.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз