Мемлекет басшысы өз Жолдауында алдағы үш жылда елімізді толыққанды цифрлық мемлекетке айналдыру міндетін қойды .

Бұны іске асырудың нақты қадамдары «AMANAT» партиясының Қоғамдық саясат институты ұйымдастырған «TALQYLAU» алаңында сөз болды. Цифрлық сауаттылықтың төмендігі, интернет сапасы және онлайн-алаяқтықтың көбеюі өзекті мәселе. Парламентте қаралып жатқан «Жасанды интеллект туралы» заң жобасы елде цифрландыруды тиімді іске асыруға көмектеседі, — деді жиналғандар. Сарапшылар сондай-ақ еліміздің жасанды интеллект дәуіріндегі жетістікке жету жолдарын талқылады.

Екатерина Смышляева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Қазір Мәжілісте екінші оқылымға дайындалып жатқан бұл заң соңғы жылдардағы ең күрделі құжаттардың бірі саналады. Ең басты қиындық – даму мен қауіпсіздік арасындағы тепе-теңдікті сақтау. Талаптар тым қатаң болса, ол азаматтардың құқықтары мен мүдделеріне әсер етуі мүмкін, ал тым жеңіл болса – бизнестің дамуын тежейді. Сондықтан біздің негізгі міндетіміз – осы тепе-теңдікті табу. Заң жобасының басты мақсаты да осы.