Бокстағы төрелікке реформа керек пе? Жанкүйерлер тарапынан спортшыларды бағалау жүйесіне наразылықты жиі естиміз. World Boxing ұйымы ашылғанда көпшілік өзгеріс күткені жасырын емес.
Бірақ соңғы әлем кубогында да даулы оқиғалар болды. Енді мамандар арасында бұрыңғы ұпаймен бағалау жүйесін қайта енгізу керек деген пікірлер пайда бола бостады.
Қайрат Сәтжанов, бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері:
- Қараша айында World Boxing-тің үлкен отырысы болады. Сол отырысты жаңа басшы сайланады. Жарыста кеткен кемшіліктерді басшылық жояды деген сеніміміз бар.
Махмұд Сабырхан, бокстан әлемнің екі дүркін чемпионы:
- Бокста әр соққы тиген сайын ұпай есептеліп отыратын. Дегенмен бұл қағида 2012 жылы тоқтатылды. Біз бұл ережемен әлі рингке шығып көрген емеспіз. Бірақ ескі ереже болса да қызық еді. Есепті біліп отыратынбыз. Бізде талғам жоқ, қандай қағида болмасын өз мықтылығымызды дәлелдейміз.