Қарулар оқ атуға жарамды болып шықты.

Ең бастысы – күдіктілердің ұсталғаны, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осылайша, Түркістан облысы прокуратурасының үйлестіруімен ІІМ-нің "Р" басқармасы және ПД-нің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.

Нәтижесінде деструктивті діни ағымның жақтастары ұсталып отыр.

Олардың "Toyota Land Cruiser 200" маркалы автокөлігінен 9 мм калибрлі бір дана "ТТ" маркалы тапанша және 18*45 калибрлі "Байкал МР-461" маркалы қару табылып, тәркіленген.

– Қазіргі уақытта бұл қарулардың өзге де қылмыстарда қолданылғанын анықтау мақсатында тиісті сараптамалар тағайындалды.

Сонымен қатар, негізгі фигуранттың тұрғылықты мекенжайында ҚР ҚК-нің 432-бабы бойынша іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды. ҚР ҚК-нің 287-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, – делінген ресми хабарламада.