Сауда 2025 жылғы 15 қазанда сағат 10:00-де өтеді. Нысанның бастапқы бағасы – 4 млрд 377 млн теңге.

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы Алматы қаласының Көктем-2 шағын ауданында орналасқан тұрғын емес үй-жайды саудаға шығаратынын мәлімдеді. Бұл туралы ақпарат E-Qazyna порталында жарияланды.

Сауда 2025 жылғы 15 қазанда сағат 10:00-де өтеді. Нысанның бастапқы бағасы – 4 млрд 377 млн теңге.

Компанияның хабарлауынша, сауда бөліп төлеу форматы арқылы ұйымдастырылады. Бұл әлеуетті сатып алушыларға қосымша мүмкіндік беріп, бәсекелестікті арттыруға бағытталған.

"Түскен қаражат арнайы мемлекеттік қорға аударылып, қоғам игілігі үшін әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға жұмсалады", – деп атап өтті Қайтарылған активтерді басқару компаниясы.