18-ші қыркүйектен 19-шы қыркүйекке қараған түні Португалияда алматылық “Қайрат” лиссабондық “Спортингке” қарсы ойын өткізеді.

Ойын Қазақстан уақытымен 00:00-де басталады. Тікелей трансляция Qazaqstan ұлттық телеарнасынан көрсетіледі, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Осы ретте чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі матчқа футбол сарапшылары мен спорт басылымдары түрлі болжам жасауда.

Қайрат сенсация жасай ала ма?

Танымал спорттық портал Sportskeeda “Спортинг” пен “Қайрат” арасындағы кездесуге арналған болжамын жариялады.

Алматылық “Қайрат” Лиссабонның “Спортингін” таңғалдыруға және Чемпиондар лигасында ғажайыпқа толы жасауға тырысқанымен, алаң иелеріне қарсы бұл матч оңай болмайды. “Спортингтің” құрамы әлдеқайда мықты әрі тәжірибелі. Сондықтан, Боржештің шәкірттері өз жанкүйерлерінің қолдауымен үш ұпайды қиналмай алады деп күтеміз.

Болжам: “Спортинг” — “Қайрат” – 3:0” — деп жазады басылым.

Отандық сарапшылар не дейді?

Отандық футбол сарапшылары да “Спортинг”- “Қайрат” арасындағы матчқа болжам жасады.

”Қайрат командасында да тәжірибелі ойыншылар бар. Жалпы сәттілік тілейміз. Екі күннің қорытындысы бойынша көріп жатырмыз, мүмкін емес нәрсе жоқ. Әзербайжандық “Қарабахтың” мысалында айтып жатырмыз. Дебютанттар ұтылған жоқ. “Пафос”, «Буде-Глимт», “Юнион Сент-Жиллуа” үшеуі де сырт алаңда ойнады және ұтылған жоқ. Төртінші дебютант “Қайрат” қылды. “Қайрат” та осы дәстүрмен кету керек. “Қайратқа” сенбей отырғандар, сеніңіздер. Дәлел көз алдарыңызда. Ұтылып қалып, ұшып кету деген жоқ, еркін ойын. Голға, ұпайға ойнайды. Бұдан кейін бұл командамен кездеспейді. Сондықтан соңғы демдері қалғанша ойнайды” , — дейді Fonteam You Tube арнасындағы футбол сарапшылары.

“Қайраттың” Чемпиондар лигасындағы қарсыластары

Жалпы кезеңде алматылық клуб сегіз матч өткізеді (төртеуін өз алаңында, төртеуін сырт алаңда).

  • 19 қыркүйек: “Спортинг” – “Қайрат” (00:00)
  • 30 қыркүйек: “Қайрат” – “Реал” (21:45)
  • 21 қазан: “Қайрат” – “Пафос” (21:45)
  • 6 қараша: “Интер” – “Қайрат” (01:00)
  • 26 қараша: “Копенгаген” – “Қайрат” (22:45)
  • 9 желтоқсан: “Қайрат” – “Олимпиакос” (20:30)
  • 20 қаңтар: “Қайрат” – “Брюгге” (20:30)
  • 29 қаңтар: “Арсенал” – “Қайрат” (01:00)

Айта кетейік, Темірлан Анарбеков «Ақтөбемен» болған ойында жақ сүйегін сындырып алғандықтан бүгінгі “Спортингке” қарсы матчта алматылық “Қайрат” 18 жастағы қақпашы Шерхан Қалмұрзаға сенім артып отыр. Ал әлеуметтік желідегі жанкүйлерлер Анарбеков болмаса «Қайрат» командасы көп гол өткізіп алады деген болжамдар айтуда.