Қазақстанда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды. Бұл қызметке Дәурен Сәлімбаев келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осыған қатысты жарлыққа бүгін, 2025 жылдың 18 қыркүйегінде, президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
"Мемлекет басшысының өкімімен Дәурен Ниязбекұлы Сәлімбаев Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", – делінген Ақорда жариялаған ресми хабарламада.
Ашық деректерге сүйенсек, Дәурен Сәлімбаев жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Қаржы ұйымдарын әдіснама және пруденциялық реттеу департаментінің директоры болған.