Алматы облысындағы әскери бөлімдердің бірінде 19 жастағы сарбаздың асылып тұрған мәйіті табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиға туралы 2025 жылғы 17 қыркүйекте әлеуметтік желіге марқұмның әпкесі жазды.

"Өткен жылдың күзінде әскерге менің бауырым Шынарбек Даниял Талғатұлы шақырылды. Биыл көктемде оның егізі — Шынарбек Дінмұхамед Талғатұлы да Отарға әскери борышын өтеуге аттанды. Олар бірге қызмет етті, алайда ант қабылдағаннан кейін Дінмұхамедті Мәтібұлақтағы 01098 әскери бөліміне ауыстырып, егіздерді екіге бөлді. Ал егіздерді ажыратуға болмайды. Дәл сол бөлімде қайғылы жағдай болды. Бүгін Дінмұхамедтің асылып қалғанын хабарлады. Тамыздың 29-ында ғана 19 жасқа толған еді. Еңбекқор, мейірімді, болашағына жоспары көп еді… Біз қайғыдан қан жұтып отырмыз, ал оның өлімін суицид деп айтқанына сене алмаймыз", – деп жазды Еңлік Калтаева Instagram парақшасында.

Марқұмның отбасы бұл істі ел президентінің жеке бақылауына алуды сұрап отыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Еңлік Калтаева (@enlik_kaltaeva)

Елдің Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі болған жағдайға түсініктеме берді.

2025 жылғы 17 қыркүйекте Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызмет атқарып жүрген сарбаз өз-өзіне қол жұмсады. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Құрлық әскерлері бас қолбасшысының тапсырмасымен оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия жіберілді. Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады, оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі. ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі

6 қыркүйекте Шымкентте 9-сынып оқушысының ата-анасының үйіндегі сарайда асылып қалғаны белгілі болды.