Болгарияда армрестлингтен өтіп жатқан әлем чемпионатында бір әулеттен шыққан үш қазақ баласы әлем чемпионы атанды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Әкімдіктің мәліметінше, әлемдік додада топ жарған жеткіншектер – "Шардара Армспорт" құрамасының спортшылары. Олар:
- Ибрагим Бекнұр – 14 жаста, жас жеткіншектер арасында 45 кг салмақ дәрежесінде әлем чемпионы;
- Ибрагим Азамат – 15 жаста, жас жеткіншектер арасында 50 кг салмақта әлем чемпионы;
- Ибрагим Әділет – 18 жаста, жасөспірімдер арасында 65 кг салмақта әлем чемпионы.
"Осылайша, Шардара ауданы тарихында тұңғыш рет бір әулеттің үш баласы халықаралық деңгейдегі бір жарыста қатарынан чемпион атанып отыр. Бұл жетістік – отбасы тәрбиесінің, қажырлы еңбектің және "Шардара Армспорт" мектебінің жүйелі жұмысының нақты жемісі. Бұл – аудан ғана емес, тұтас еліміз үшін зор мақтаныш!" — делінген әкімдік таратқан хабарламада.
Айта кетелік, жақында Англияның Ливерупьл қаласында бокстан өткен әлем чемпионтында ағайынды Махмұд пен Төрехан Сабырхан алтын медаль иеленіп, қазақ жанкүйерлеріне зор қуаныш сыйлаған еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз