"Астана-РЭК" АҚ елордада электр энергиясын жоспарлы түрде ажырататынын хабарлады, деп жазады Zakon.kz.
Байқоныр ауданы
27 қыркүйекке дейін күн сайын сағат 09:30-дан 17:30-ға дейін жарық Елек өткелінде, Ынталы, Кентау және Кеншілер көшелерінде болмайды.
Сарыарқа ауданы
23 қыркүйекке дейін сағат 09:30-дан 18:00-ге дейін Дулатов, Карталы және Құрақты көшелерінде жарық болмайды.
9 қазанға дейін күн сайын сағат 09:30-дан 18:30-ға дейін Көктал тұрғын алабында, Өркен, Болашақ, Жетісу, Байқоныр, Көкжиек, Ақтау, Бабатайұлы, Аққоған көшелерінде жарық болмайды.
25 қыркүйекке дейін сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін Көкталда, Жаңақоныс, Естай көшелері мен Жарқөл өткелінде электр қуаты болмайды.
19 қыркүйекке дейін монтаждау жұмыстарына байланысты сағат 09:30-дан 10:00-ге дейін және 17:00-ден 18:00-ге дейін Кербезқыз, Сонар, Батығай, Болашақ, Байқоңыр көшелерінде, сондай-ақ Құршым өткелінде және 12-59 көшесінде жарық сөнуі мүмкін.
Алматы ауданы
18 қыркүйекте сағат 09:00-ден 17:30-ға дейін ағаштарды кесуге байланысты Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабында, Тайқазан, Бұлбұл, Өзбек Әли Жәнібек, Ахметбеков, Қобыз, Сарын көшелерінде, Шынырау өткелінде жарық болмайды. Сондай-ақ осы уақытта Ақарыс пен Мустафин көшелерінде де жарық сөнеді.
Сағат 10:00-ден 11:00-ге дейін "Тұмар" тұрғын үй кешені және Тәуелсіздік даңғылы бойындағы 38/2 үй электр қуатынсыз қалады.
Есіл ауданы
18 қыркүйекте сағат 09:30-дан 17:00-ге дейін ағаштарды кесу жұмыстарына байланысты Чубары тұрғын алабында, сондай-ақ Оңдасынов, Алпамыс батыр және Космонавтар көшелерінде жарық болмайды.
Компания тұрғындарды өз істерін жоспарлау кезінде осы кестені ескеруге шақырды.
Бұған дейін Астанада 170 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылатыны хабарланған еді.