АҚШ-тың экс-президенті Джо Байден қаржылық қиын жағдайға тап болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Independent басылымының жазуынша, Байдендер отбасының қарызы 800 мың доллар шамасында, оған Рехобот-Бичтегі үйдің ипотекасы да кіреді. Экс-президент пен сенатор ретіндегі жылдық зейнетақысы мен жәрдемақысы 416 мың долларды құрайды, алайда бұл шығындарын толық жаба алмайды, ал қосымша табыс көздері жоқ.
Байденге президенттік мансабын ақшаға айналдыру оңай болмады: компаниялар оны көпшілік алдында сөз сөйлеуге шақыруға құлықсыз, ал экс-президенттің танымалдығы одақтастары арасында төмендеген. 300-500 мың долларға дәріс оқуға тапсырыс бергісі келетіндер аз, отбасының бар үміті мемуарлардан түсетін 10 млн долларға артылып отыр.
"Бірақ бұл сома Барак Обаманың кітабы үшін алған 60 млн долларлық қаламақысымен салыстырғанда тым аз көрінеді", – делінген жарияланымда.
Сонымен қатар, Байден простата обырына қарсы күресуде. Жұбайы Джилл Байден оқытушылық жұмысын тастап, ақысыз қоғамдық қызметпен айналыса бастады. Ұлы Хантердің де алимент бойынша бірнеше миллион доллар қарызы бар, ал оның көпшілік алдында сөз сөйлеулері, кітаптары мен картиналарына сұраныс тоқтаған.
Жақында АҚШ-тың қазіргі президенті Беларусь президентіне сыйлық беріп, Арина Соболенконы мақтады.