Алматы облысындағы тұрмыстық қатты қалдықтар полигонында үш күннен бері өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Тілсіз жауға қарсы 250-ден аса адам мен мен 120 техника жұмылдырылған. Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, өрттің аумағы 15 гектарға жеткен. Осыған байланысты полигон аумағында төтенше жағдай енгізу мәселесін арнайы комиссия қарастырып жатыр. Көмекке Шымкент, Жетісу, Қарағанды және Жамбыл облыстарынан құтқарушылар келді. Қазір жақын маңдағы елді мекендерде 3 мектеп қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.
Дәурен Оразбеков, ТЖД бастығы:
- Жағдай қиын болса да, бүкіл жеке құрам жұмыс істеуде. Ауаның ластануы және қатты жануы, қазіргі таңда ашық оттар жоқ, тек қана бықсу боп жатыр. Полигонның негізгі көлемі 35 гектар шамасында. Толықтай оқшауланғаннан кейін ақпарат толықтай берілетін болады.